(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2017-2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ»...

2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/74-VI шешімі

(2017.25.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017.25.01. № 10/102-VI шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 482 269 184 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер - 31 364 477 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер - 257 696 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 4 000 мың теңге;

трансферттер түсiмi - 450 643 011 мың теңге;

2) шығындар - 478 541 794 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 6 451 442 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 8 311 325 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 859 883 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 604 240 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 604 240 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - - 3 328 292 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3 328 292 мың теңге.

2. 2017 жылға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне - 50 пайыз;

облыстық бюджетке аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) 50 пайыз;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.